Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары, аудан әкімі орынбасары Ж.Сұлтан, «Мұхит жастары» ЖҚБ төрайымы А.Андирова, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а А.Зейнуллин және волонтер жастардың қатысуымен аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу кеші оздырылды.
Волонтер жылына жалпы түсінік беру, жаңа тың идеяларды ортаға салып, ауданымызды көркейту жолдарын іздеу шараның басты мақсаты болды. Волонтер жылына «Biz birgemiz» мақсатында алдағы уақытта аудандық аурухана қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Saulyq» бағыты бойынша жұмыстар ұйымдастырылатын болады. Жиын барысында қатысушылар волонтер жылына қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала білді.