АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ "AMANAT" волонтерлер тобы жоспар бойынша алғашқы жұмысын бастады.

2020 жыл - елімізде Волонтерлер жылы деп белгіленді. Осы орайда "Қоғамда жақсы адамдар көп екенін, мейірім таусылмағанын білдіру мақсатында, осы істі қолға алдық.

Жолаушының көңілін табу көбінде қалыс қалып жатады. Сондықтанда көңілі хош жолаушының діттеген жеріне уайымсыз жететіні анық. Жұбан еліне келген мейман жолаушыларға да жылулық сыйлау мақсатын да, қазақтың қашан да көңілін көтеріп, жанын сергітетін " шәй" ұсынуды ұйғардық. Ақпанның аязында, ақ пейілмен мейірімге жылы сұқбат пен ыстық ықыласқа, ыстық шәймен жолаушының жанын жылыту мақсатында, бүгінгі шағын шараны волонтерлер болып жолдадық. Бүгінгі жұмысымыздың басты мақсаты Ж.Молдағалиевтің туылғанына 100 жыл мерейтойына орай ел арасында насихаттау аясында Жұбан елінің жастары да, Жұбан аталарындай ел десе бүйрегі бұратынын, ел көңіліне қарайтынын, жылу сыйлайтынын дәлел етуге тырыстық. Елім деп жырлаған Жұбанды, елі жырламаса көпке сын, сондықтан Ақ Жайықтың ақ пейілді жандарынан Жұбан атамыздың өлеңін сұрап қолқа салдық. Бізді қуантқаны қай тұрғыны болса да, тігінен тұрып тұғырына жеткізіп айта алатындығына көзіміз толық жетті. "Мен қазақпын!" - деп, сан қазақтың намысын қорғап, жоғын жырлап, алшайтып ақиқатын айтқан ақиық ақынға АқЖайық елінің жұрты мұндай құрмет қылуы заңдылық.
Жұбан атамыздың өлең шумақтары жазылған парақты тұрғындарға қалдырып балаларымен немерелерін жатқа айтқызуды сұрадық!
Бүгінгі жұмысымыз осылай қорытындыланды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru