«Үздік волонтер – 2022» марапаттау кеші өтті

Волонтер болу - өзге үшін өнегелі істердің үлгісін көрсетіп, үлкен мен кішіге бірдей қамқорлық көрсету. Жылулық пен жанашырлықты жүректен жүрекке жеткізе білген мейірімділердің мерейлі істері қоғам назарынан тыс қалған емес.

Соның айқын бір дәлелі, Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік волонтер – 2022» марапаттау кеші. Мерекелік шараның негізгі мақсаты - облысымызда волонтерлік қозғалыстың қарқынды дамуына елеулі үлес қосып жүрген белсенділердің ерен еңбегін бағалап, игілікті істеріне қолдау көрсету.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Назерке Дидарқызы жас үздіктерді «Ақжайық жастары» волонтерлік ұйымының 5 жылдығымен құттықтап, алдағы уақытта қайырымды жобаларға бірге атсалысуға шақырды.

Кеш барысында «Үздік волонтер»- 2022 аталымы иелеріне, белсенді волонтерлердің ата-аналарына және де шараларға демеушілік көрсетіп жүрген жандарға алғыс хаттар табысталды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru