Ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Балалар үйінің түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында балалар үйі түлектеріне арналған «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында психолог Жақсығалиева Альфия Сырымқожақызының тренингі өтті. Балалар үйінің түлектері тренингке қатысу арқылы позитивті ойлауды, өз-өздерін жоғары бағалауды, қарым-қатынастарын жақсартуды үйрене алады. Шарамыздың негізгі мақсаты балалар үйі түлектеріне береке-бірліктің арқасында көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызды түсіндіру, – деді шараны ұйымдастырушы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Тасболат Серікқалиұлы.