«EcoBatys» жобасын таныстыру бойынша кездесу өткізілді.

Орал қаласы, Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы бойынша «EcoBatys» жобасын таныстыру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Шелл Қазақстан» компаниясының корпоративтік коммуникациялар менеджері Айгүл Барменкулова, БҚО ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, экологиялық, әлеуметтік бағдарланған, жастар ҮЕҰ өкілдері және облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аслан Тапишев қатысты.

Шара аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Шелл Қазақстан Девелопмент БВ» компаниясымен бірлесе жүзеге асырып жатқан «ЭкоБатыс» әлеуметтік жобасын таныстырды.

Жоба аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған 5 (бес) ҮЕҰ-ға, жалпы соммасы 20 миллион теңге көлемінде шағын гранттар табысталған.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru