«Ақжайық жастары» волонтерлері жол қауіпсіздігі бойынша акция өткізді.

«Ақжайық жастары» волонтерлері жол қауіпсіздігі бойынша акция аясында Орал қаласы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өтетін жолдарға трафарет бойынша «Жолда құлаққабыңды шешіп қой», «Вилосипедтен түс», «Тоқта, жан-жағыңа қарап ал, тыңдап ал», «Балаңды қолынан ұста» жазуларын бояп қалдырды.

Сондай-ақ, волотерлер автокөлік жүргізушілеріне қауіпсіздік белдігін тағу және жылдамдықты асырмау ескертпелері жазылған парақшалар таратты.

Акция мақсаты – азаматтардың, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жолдан өткен кезде абай болуға шақыру.

Аталмыш әлеуметтік акция @wkroadsafety ұйымдастыруымен, «Гауһар жол» ҚБ, Орал қ. ПБ ЖПҚБ ювиналды полиция қызметкерлері қолдауымен өткізілді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru