Су тасқыны кезіндегі волонтерлік штабтың жұмысы туралы

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде көмек көрсетуге арналған волотерлік штаб құрылды. Облыс бойынша штабты жастар ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров басқарады.

Штаб Ғ.Қараш көшесі, 16 үй мекен-жайы бойынша облыстық теннис орталығында орналасқан.

Қазіргі таңда Қаратөбе, Жәнібек, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарынының әрқайсында 30 адамнан құралған волонтерлік топтар қызмет атқаруда. Олардың негізгі жұмысы зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, Орал қаласында 100-ден астам волонтер көмек көрсетуге дайын.

Волонтерлік штаб облыс тұрғындарынан киім-кешек, тез бұзылмайтын тағамдар, дәрілік және жеке гигиеналық заттар және басқа да алғашқы керек заттарды қабылдауды жалғастыруда. Жеткілікті деңгейде жиналған соң аталған аймақтарға жөнелтіледі.

Қосымша сұрақтар бойынша штаб жетекшісі Ә.Зұлхаров
8708 704 77 78

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru