«14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай ескі кітаптарды қалпына келтіру акциясы өткізілді.

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ескі кітаптарды қалпына келтіру акциясы өткізілді.

Акция аясында «Ақжайық жастары» волонтерлік корпусы волонтерлері Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №2 кітапханасымен бірлесе отырып, бүлінген немесе жыртылған кітаптарды қайта қалпына келтірді.

Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады. Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін оған аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін сақталады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru