Кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар арасында жол жүру ережелері түсіндірілді.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қолдауымен Орал қаласының Полиция басқармасының ұйымдастыруымен “БҚО-ның қауіпсіз жолдары” жобасы аясында Орал қаласының №39 ЖББМ 3 сынып оқушылары арасында "Жолдағы балалардың қауіпсіздігі" жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Кішкентай жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелері бойынша мультфильм көрсетіліп, түсіндірме сабақтары жүргізілді және қауіпті жол жағдайлары талқыланды.

Оқушыларға жарық қайтарғыш салпыншақтар, қарындаштар және ақпараттық парақшалар таратылды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru