БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып «2022 жылғы су тасқынын алдын алу» айлығы аясында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Шара барысында тұрғындарға аула аумағын қардан уақытылы тазарту қажеттілігі туралы жадынамалар берілді. Бұл іс-шаралар су тасқыны алдындағы кезеңде тұрақты түрде жүргізілетін болады.