БҚО жастар ресурстық орталығы ұйымдастырумен 1 наурыз-“Алғыс айту күніне” орай “Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі” тұрғындарына мерекелік концерт өткізілді.
«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі.
Шара барысында облысымыздың жас өнерпаздары қарияларға ән айтып, би билеп мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында үлкендер жастарға бата беріп, алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.