Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары мен "Орал жастары" волонтерлік корпусы "Қазақстанның қызыл айы" бірлестігімен індеттің алдын алуда ескермек керек ақпараттар легін таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттар легі төмендегіше өрбіді:
- өзіңізді коронавирус инфекциясынан қалай қорғауға болады?
- екпені қайда салдыруға болады?
- вакциналау қалай жүреді?
Аталған үн парақтар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер аумағына адам шоғыры көп ғимараттарға рұқсатнамалық негізде орналастырылды.