«Жыл үздігі – 2021» Батыс Қазақстан облысы жастары сыйлығын табыстау шарасының ақпараты

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Салтанат сарайы мейрамханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жыл үздігі – 2021» Батыс Қазақстан облысы жастарының сыйлығын табыстау шарасы өтті.

Жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, мәдениет, бизнес, медицина, қоғам, спорт, білім саласындағы қызметi үшiн облысымыздың белсенді жастарының үлестері мен жетістіктерін елеп, еңбектерін бағалау – шараның басты мақсаты болып табылады.

Аталмыш шараға облыс әкімі Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Әр  аталым бойынша арнайы құрылған комиссия отырыстары өткізіліп, оған тәуелсіз сарапшы мамандар, ғалымдар, үкіметтік емес және жастар ұйымдары мен сала бойынша басқарма өкілдері қатысқан болатын.

10 негізгі, 2 арнайы аталым бойынша келесі үздіктер анықталды.

«Үздік жас ұстаз» аталымы бойынша Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Хасанова Аида Жантурина, «Үздік жас дәрігер» аталымы бойынша Облыстық көпсалалы ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері Асқар Айслу Сабрғалиқызы, «Үздік жас кәсіпкер» аталымы бойынша «FlyMax» ойын-сауық орталығының негізін қалаушысы Джумагалиев Нұркен Маратұлы, «Үздік студент» аталымы бойынша Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4 курс студенті Смағұл Мағжан Өмірзақұлы, «Үздік оқушы» аталымы бойынша Жаңақала ауданының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Жарасов Саясат Садуақасұлы, «Үздік волонтер» аталымы бойынша «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының көшбасшысы Рашидова Ақниет Мирболатқызы, «Үздік жас журналист» аталымы бойынша «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлы, «Үздік жас спортшы» аталымы бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлде иегері Сабитов Даниял, «Үздік жас өнерпаз» аталымы бойынша жас ақын Шамұратов Дәурен Ибатұлы, «Үздік жоба» аталымы бойынша «Bilimdiler Dodasy» зияткерлік жобасы, «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» аталымы бойынша Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы мектебінің 10 сынып оқушысы Орахаев Асылан Нұрланұлы, «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша Маскадағы адам марапатталды.

Жеңімпаздарға «Жыл үздігі – 2021» статуэткасы, 100 теңге көлемінде ақшалай сыйлық, лента, гүл және облыс әкімінің атынан алғыс хат табыс етілді. 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru