«Тәуелсіздік кубогі» КТК фестивалі өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» ЖҚБ ұйымдастыруымен Республикалық және облыстық танымал Жайдарман ойыншыларының қатысуымен «Тәуелсіздік кубогі» КТК фестивалі ұйымдастырылды.

Аталмыш фестиваль жаңа форматта өтті. Әдеттегідей 10-15 команда емес, жас ерекшелігіне байланысты 3 біріккен құрама команда өзара бақ сынасты.

Олар:

-Республикалық Жайдарман премьер-лига сайыстары мен Облыстық КТК чемпионатының қатысушылары, ауыл командаларынан құралған  – АУЫЛДАР ҚҰРАМАСЫ;

-Республикалық Жайдарман премьер-лига сайыстары мен Облыстық КТК чемпионатының қатысушылары, қала командаларынан құралған – ҚАЛА ҚҰРАМАСЫ;

-Республикалық Жайдарман жоғары және премьер-лига сайыстарының жүлдегерлері, ардагер Жайдарманшылардан құралған – АҚСАҚАЛДАР ҚҰРАМАСЫ;

Жалпы фестиваль екі сайыстан тұрды: Сәлемдесу және ширату. Фестиваль қорытындысы бойынша «Ауылдар» құрамасы 3-орын, «Қала» құрамасы 2-орынға иеленсе, «Ақсақалдар» құрамасы бас жүлде иегері атанды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru