Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жастардың қатысуымен «Мен өз өмірімнің суретшісімін» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Тренинг барысында психолог маманның тарапынан ұсынылған ақпарат барша жастарға өз тиімділігін толық дәлел еткен жиында жастардың көкейіндегі сан-сауалға жауаптарын таба алды. Өз ойында орын алған сұрақтарын, мамандардың мәнді кеңесін ел ертеңі жастарға ұсынар айшықты кездесулер алдағы уақытта да жалғасатын болады.