“Мен өмірді шексіз сүйемін” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек  күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі Ақжайық ауданы жастарымен  “Мен өмірді шексіз сүйемін" тақырыбында психологиялық маманың қатысумен семинар-тренинг өткізді.

Дәл қазіргі кезде жастар арасында өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жиі белең алып тұр. Бірі маскүнемдіктің құралы болса, бірі жат қылықтың жетегінен шыға алмай қор болуда. Уақытша қиындыққа төзе алмай, тосын оқиғаға тап болып, өмірімен ерте қош айтысып жатқандар қаншама. Міне жиында суицидтің алдын алу туралы ақпараттар айтылып. Емен-жарық әңгіме айтылды. Жастар көкейде жүрген сауалдарын психологқа жолдап, мардымды жауапқа қанықты.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru