Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі Бөрлі ауданы жастарымен «Стресс. Стреске қарсы тұру» тақырыбында психолог маманның қатысуымен семинар-тренинг өткізді. Шараның мақсаты жастар арасында орын алып, қоғамға алаңдатушылық туғызған суицидтен арылу. Тренингте психолог маман жастар өміріндегі күйзеліс тудыратын мәселелер жөнінде толығырақ тарқатып, жастарға жағымды ой, керемет көңіл-күй сыйлады. Аталмыш іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Сенің өмірің, сенің болашағың! Ал әр өскелең ұрпақтың ертеңі біздің елдің кемел келешегі екенін естен шығарма, жас өркен!