Балаларды қорғау күнімен құттықтау мақсатында мерекелік шара өткізілді

Шуақты жаздың алғашқы күні, жылдың ең сүйкімді мерекесі - балаларды қорғау күнімен құттықтау мақсатында мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шара "Ақжайық жастары", “Jas Otan” ЖҚ БҚО фиилиалы және "Жұлдыз" комьюнити орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Аквагрим» техникасы бойынша балалардың беттеріне әртүрлі персонаждардың бейнелері салынды.

Аниматорлық персонаждар бүлдіршіндерге ерекше көңіл күй сыйлап, мерекелерімен құттықтады.

Балалардың барлық армандары орындалып, олардың шат күлкісі біздің әлемімізді нұрландырып, қуаныш сыйласын!

Мереке құтты болсын! Әр шаңырақ сәбидің күлкісіне толсын!

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru