Деркөл кенті саябағында тазалық жұмыстары жасалды

Тазалық – табалдырықтан басталады, демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. 
Деркөл кенті саябағында тазалық жұмыстары жасалды. "Жасыл Ел" жастар еңбек және құрылыс жасақтарының облыстық штабы  мен Ақжайық және Орал жастарының белсенді жастары саябақ көркіне үлес қосты. Тазалықты жанына серік еткен "Ақжайық жастары" санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес іс- шарасына белсене араласты.
Тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық - аймақ шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі.
Қоршаған ортаны қорғау - әр адамзаттың міндеті.

 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru