«Қайырымдылық керуені» акциясы өткізілді

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «30 игі іс» атты республикалық марафон аясында БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілерінің қатысуымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өткізілді.

Өңіріміздің әлеуметтік осал топ өкілдеріне, жағдайы төмен отбасыларға жалпыұлттық бірлікті ұран қылған Ассамблея белсенділері мен жастарының көрсетер қолдаулары, тигізер игі амалдары мұнымен таусылмақ емес. Осы орайда, ерекше алғысымды еңселі еңбек пен қайырымдылықтың үлгісін көрсетіп жүрген волонтер жастарға білдіргім келеді.

Қазір таңда көпшіліктің әлеуметтік жауапкершілікке көп көңіл бөлетіні де ерекше қуантады. Көмек қолын созу – біздің қазақтың қанына біткен құбылыс. Көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге ынталары да, қаржылай мүмкіндіктері де бар жандар көбейе берсін!

Адамның жақсылық жасауға деген ниеті мен құлшынысының шама-шарқын заңмен де, сөзбен де бекіту мүмкін емес.

Жақсылықтың жаршысы болуға асығайық!

 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru