Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Дом Права» адвокаттық кеңсесі арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мекемелер қатысуымен бірлесіп іске асырылатын жұмыс жоспары талқыланып, екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы меморандум аясында «Дом Права» адвокаттық кеңсесі жастарға тегін заңгерлік кеңес береді.