«JRO Belgisi - 2020» байқауының марапаттау рәсімі өткізілді.

22 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысындағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының арасында ұйымдастырылған «JRO belgisi - 2020» байқауының марапаттау рәсімі өткізілді.

Байқау 7 жылдық еңбектің жемісін ескере отырып, 7 аталым бойынша өткізілген болатын. Байқауға 40-тан астам өтініш келіп, ең мықтылары, ең жүйріктері іріктеудің өтті. Жеңімпаздарымыздың марапаттарын табыстау құрметі түрлі салаларда қызмет етіп жүрген басшылар мен Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының алғашқы басшыларына бұйырды.

 Әр аталымға тоқталып кетсек:

✨ «Үздік қызметкер» аталымы бойынша жеңімпаздар:
* Елеусін Салтанат Ермекқызы - Шыңғырлау ауданы.
* Құлмақан Қанат Ғабдолкәрімұлы - Сырым ауданы.
* Сапарғалиева Ақұштап Нұрлыбекқызы - Ақжайық ауданы.
* Байғали Аманғали Байғалиұлы - Тасқала ауданы.

✨ «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы» аталымы бойынша жеңімпаз:
* Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы.

✨ «Үздік жастар жетекшісі» аталымы бойыншы жеңімпаздар:
* Сатпаева Дина Кубайдоллақызы - Ақжайық ауданы.
* Хайрушев Бексұлтан Сәрсенбайұлы - Жәнібек ауданы.

✨ «Үздік парақша» аталымы бойынша жеңімпаз:
▫️Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының @oraljastary парақшасы.

✨ «Үздік коворкинг» аталымы бойынша жеңімпаз:
▪️Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы.

✨ «Үздік жоба» аталымы бойынша жеңімпаз:
* Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы.

✨ «Үздік JRO» аталымы бойынша жеңімпаз:
* Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы. Одан бөлек, бізге жыл бойы көмек қолын созып, волонтерлікті дамытуға елеулі үлес қосқан демеушілеріміз бен серіктестеріміз алғыс хаттармен марапатталды. Барлық жеңімпаз аудандарды құттықтаймыз!!!?

 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru