Волонтер жылының ресми жабылу салтанаты өттіВолонтер жылының ресми жабылу салтанаты өтті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Волонтер жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Жыл аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есеге артқан.⠀⠀

Онлайн өткен іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев пен өңіріміздегі белсенді волонтерлар қатысты.⠀ ⠀

Айта кетсек, аталмыш байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірі және шетелдерден 768 өтінім келіп түсіп, екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінен тәжірибелі қазылар алқасы "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазын анықтады. Олардың қатарында Ресейлік және Қырғызстандық волонтерлар да бар. ⠀

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы байқау қорытындысы бойынша анықталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Жомарт жүрек» сыйлығы иегерлерінің марапаттарын табыстады.⠀⠀

Айта кетсек, «Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясының иегері «Волонтеры солнечного Уральска» волонтерлік тобының жетекшісі Галия Беккужиева, «Төтенше жағдайды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Дулат Мақатов, «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Мадина Куспанова, «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Санжар Ажимурат, «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы Талгат Чудобаев, «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Фонд содействия научным исследованиям» жеке фонды жетекшісі Айболат Курумбаев, «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Хатико» жануарларға арналған баспанасының жетекшісі Асель Садыкова, «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Біз біргеміз» волонтерлік тобы(жетекшісі Айнұр Әліпқалиқызы) республика бойынша үздік деп танылды. ⠀

Сонымен қатар, қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жаны жомарт жандарды көтермелейтін дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығы Сұлтанияров Құдайберген Талғатұлына "Ерен еріктілік" номинациясы бойынша табысталды.⠀

 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru