«Birgemiz:Bilim» жалпыұлттық жобасының үздік волонтерлерін марапаттау рәсімі

Батыс Қазақстан облысы «Birgemiz:Bilim» жалпыұлттық жобасының үздік волонтерлерін марапаттау рәсімі өтті!

7 қараша Батыс Қазақстан облысы «Birgemiz:Bilim» жалпыұлттық жобасының үздік волонтерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» грантының аясында «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр.

Жыл бойы волонтерлер түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, балаларға қамқорлық танытып, волонтерлік қозғалыстың дамуына өз септіктерін тигізді. Атап айтқанда, 110 волонтер ауылдық елді-мекенде орналасқан 1618 оқушыға 5 бағыт бойынша білім берді. Жоба соңында үздік деп танылған 35 волонтерді сараптамалық кеңестің шешімімен марапаттауға ұсынылып, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru