«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлерді іріктеуде

Батыс Қазақстан облысы "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында "Жас қанат" ЖҚБ ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Волонтерлер оқытушы ретінде өз жұмыстарын бастамас бұрын, оқушымен қарым-қатынас дағдыларына, оқыту курстарын өткізу бағыттарына байланысты семинар-тренингтерден өтіп, оқушымен жұмыс істей алады.

Әр бағыт бойынша бірнеше семинар – тренингтер өткізілген болатын, сонымен қатар пандемия кезінде сақтық шараларымен, ауруды алдын алу бағытында онлайн тренинг ұйымдастырылды. Ағылшын бағытты бойынша Оксфорд  жүйесінің Еnglish file student's book, Еnglish file workbook әдістемелік құралдарын қолдану бойынша  А.С. Уралова  семинар – тренингі өткізілді. Семинар – тренингке 20 – ға жуық волонтер,  Zoom платформасы арқылы қатысқан болатын.Құқықтық сауаттылық курсы бойынша Р.А.Гильмановнаның онлайн семинар –тренингі Ютуб платформасына жүктелді. Компютерлік сауаттылық бойынша бірнеше семинар – тренинг онлайн форматта жүргізілді. Қазіргі таңдағы жаһанамдық жағдайға байланысты пандемия кезінде сақтық шараларымен, ауруды алдын алу бағытында Zoom платформасы арқылы Тенишева Светлана Владимировна волонтерлерімізді ақпараттандырған болатын.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru