Облысымызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жобасы аясында БҚО волонтерлері ауылдық аймақтардағы оқушыларға ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық, құқықтық сауаттылық және компьтерлік сауаттылық бағыттарыбойынша оқыту курстарын тегін ұйымдастырып жатыр.
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп Елбасымыз айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде.Осыдан аз ғана уақыт бұрын ағылшын тілі – тек шетел елдердегі тіл болып саналған болатын, бірақ, қазіргі таңда мектеп бағдарламасындағы басты сабақтардың біріне айналды. Жаңа ғасырдың талабына сай,«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы ауылдық елді – мекендердегі мектеп оқушыларына арнап ағылшын тілі бойынша тегін оқыту курстарын жүргізуде. Дәл осы бағыт бойынша, арнайы іріктелген – 20-ға жуық волонтер шеберлік сағаттары мен семинар – тренингтардан өтіп, 300-ден астам оқушыға, «Оксфорд» университеті жүйесінің әдістемелік құралдарын пайдалана отырып оқыту курстарын жүргізуде. Сабақ барысында, оқулықтың аудио және видео материалдарын қолдану арқылы, практикалық тұрғыда сөйлеу өнерлерін шыңдауда. Әрбір волонтер, оқулықтың өзімен және электронды нұсқасымен қамтылып, ол оқулықты қолдану нұсқаулығы бойынша, жоба тренерінің шеберлік сабақтарынан өтті. Осы бағыт бойынша оқушылардың қызығушылығын және белсенділігін арттыру, олардың курстан өткеннен кейінгі сөйлеу шеберліктерін анықтау мақсатында байқау ұйымдастырылд.
Оқыту курстары карантиндік режимге байланысты қашықтықтан, яғни онлайн түрде өткізілуде. Алдағы уақытта ағылшын тілі бағыты бойынша оқыту курстары оқушыларға ыңғайлы уақытта қайталап қарауы үшін, YouTube желісіндегі «Жас қанат» каналына жүктеу жоспарланған.