10 қыркүйек күні Облыстық Жастар Ресурстық орталығының ұжымы Батыс Қазақстан облыстық қан орталығында қан тапсырды.
Донорлық (donare латынша - сыйлау) - қанға мұқтаж ауруға адамның өз қанын, немесе компоненттерін ерікті түрде беруі. Тіпті медициналық препараттар жасау үшін де донорлардың қаны пайдаланылады.
Әлемде қан құюға жыл сайын миллиардтаған адам мұқтаж болады. . Қан күйiкке шалдыққандарға және жарақаттанғандарға керек болады. Күрделi операциялардың өткiзу кезінде, ауыр босануларда қан құйылады. Ал гемофилиямен және қаны аздықтың ауруына шалдықандарға - өмiрдiң сақтап тұру үшiн керек. Сонымен бiрге химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет. Өмiрде әрбiр үшiншi тұрғын бiр рет донорлық қанды қажетсiнедi дейді статистика.
Сондықтан біздің қызметкерлеріміз әрқашан да өзге адамның өмірін құтқарып қалу үшін өз үлестерін қосуға дайын.