28 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Ақжайық жастарын, жеке кәсіпкерлерді және БАҚ қызметкерлерін ҚР Конституциясының 25 жылдығымен құттықтады.
Өңір басшысы пандемия кезінде уақытпен санаспай, адам денсаулығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек еткендері үшін волонтрерлерге алғыс білдірді. Салтанатты шара барысында облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.