«JASTAR» футбол лигасы жөнінде ақпарат

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойыша «Болашақ» корпоративтік қоры  «JASTAR» футбол лигасын өткізуде.

Лиганы өткізудің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды футболмен белсенді айналысуға тарту болып табылады.

Лигаға 18 бен 35 жас аралығындағы облыс, аудан жастарынан құралған 25 команда  қатысуда.

Алғашқы ойындар 30 тамыз күні бастау алды. Лиганың ойындарын Батыс Қазақстан облысының футзал ассоциациясымен бекітілген тәжірибелі төрешілер төрелік етуде. Ойындар Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің алаңында өтуде.

Қатысушыларға мотивация беру мақсатында әр ойынның үздік ойыншысы анықталып, оларға диплом мен сыйлықтар табысталуда.

 Лиганың жалпы жүлде қоры 500 000 теңге.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru