Аз қамтылған және көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға планшеттер табысталды

Еліміздегі Covid-19 індетінің таралу қаупінің сейілмеуіне байланысты биылғы 2020-2021 оқу жылы да қашықтық оқытумен жалғастырылып, 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтықтан білім алуды бастады.

Осы орайда, 29 тамыз күні Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 оқушысына планшет сыйлады. Аталмыш планшеттер ресурстық орталық ұжымы мен ақпарат бөлімнің кеңесші маманы Сауле Марбекқызының бастамасымен әлеуметтік желісі оқырмандарынан жиналған қаражат есебінен алынған болатын. Табыстау шарасында барлық санитарлық нормалар сақталып, электрондық құрылғылар аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға табысталып, мекеме басшысы Мейірбек Асқарұлы жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, әрдайым көмек қолын созатын белсенді волонтер, жомарт жан Құдайберген Сұлтанияровқа  алғыс білдіреміз!

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru