Рухани орталық ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов, жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Қаресов және мекеме басшылары мен жұмыс іздеушілер қатысты.
Аталған жәрмеңкеде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы - Бүгінгі жәрмеңкеге ауданның 18 жұмыс берушілері 32 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріңізге лайықты жұмысты қарап, жұмысқа орналасып кетулеріңізге тілектестігімді білдіремін, - деді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша ұсынылған бос орындарға 2 адам жастар тәжірибесіменмен, 10 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды.