«Дархандылық» атты қайырымдылық шарасы

Бүгін Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері «Дархандылық» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара аясында бөліммен құрылған "Мейірімді жүрек" волонтерлер тобы әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына азық-түлік алу мақсатында сертификаттар табыс етті. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету, өзіңде барды мұқтаж адамдармен бөлісу - халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru