Волонтер жастардың ардагер ұстазбен кездесуі

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде "Нарын жастары" ЖҚБ және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары бірлесе ұйымдастыруымен "Дара жол" шарасы өтті.

Шара қадірлі ұстаз, Бөкей ордасы ауданының "Құрметті азаматы " Кадимов Ноқаш Кадимовичтің өмір жолына арналды. Шараға М.Мәметова, М-С.Бабажанов мектептері оқушылары және де Бөкей ордасы колледжінің студенттері қатысты. Сұхбат барысында атамызға әр түрлі сұрақтар қойылып қиында, қызықты өмір жолына саяхат жасалды. Шара сонында Ноқаш атамыз жастарға өз тілегін, алғысын білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева сөз сөйлеп Ноқаш атамызға естелік сыйлығын сыйлады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru