Ағымдағы жылдың 13 наурызында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма қызметкерлері «Жеңістің мәңгілік алауы» акциясы аясында Орал қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері 94 жастағы Дичянский Петр Михайловичті келе жатқан 22 наурыз мейрамымен құттықтап, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған ардагерге алғыстарын білдірді.
Құттықтап келген еріктілерге Петр Михайлович алғысын білдіріп, соғыс кезіндегі фотосуреттерін көрсетіп, естеліктерімен бөлісті.