Орал қаласының волонтерлары мереке қарсаңында "BIRGEMIZ:QAMQOR" жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық жасады.
Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады. Жүрегі жылуға толы, жақсылық жасауға жаны құмар Алтынбек @altttynbek және оның достары қаладағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік алып, өз өнерлерін ортаға салып қайырымдылық көрсетті.
АЛТЫНБЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ДОСТАРЫ:
Халыққа жәрдеміміз тисін,- деген ниетпен осы шараны қолға алдық. Балалардың қуанғанын көргіміз келді. Әр істің бастауында осындай игі шаралар атқарылып тұрса, құба-құп. «Жарлыны көрсең, жебей жүр, жетімді көрсең, демей жүр». Ұлағаты мол ұлтымыздан қалған ұлы дәстүр осылайша жалғасын тауып келеді. Жақсылық жасап, жарысайық! Көпке үлгі болған іс!