ВОЛОНТЕРЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ

«Волонтерлар жылы» аясында БҚО Білім басқармасының басшысы А.Тржанованың бастамасымен мекеме қызметкерлері өз еріктерімен донор ретінде қан тапсыруда. «Өмірге үміт сыйлаймыз» деп аталған мұндай игі шара бүгін бастау алды.

Қан өткізуге келген әр адам алдымен сауалнама толтырып, дәрігердің қабылдауында болады. Рұқсат алған соң азаматтардың қан тобы, резус-факторы және гемоглобині анықталып, ортақ базадан тексеріледі. Бүгінгі шарада 10-нан астам білім саласының қызметкерлері қан өткізді. Олардың әрқайсысы 450 мл қан тапсырды. Бұл игі бастама наурыз-мамыр айлары аралығында білім саласы қызметкерлері арасында өтеді.

«Бір донор - бір өмір» демекші, біздің игі ісіміз көптеген адамдардың өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы көмектің арқасында біз біреудің анасының, әкесінің, баласы мен бауырының өмірін сақтап қаламыз. Осы әрекетімізбен азаматтарды қан тапсырып, көмек көрсетуге шақырамыз, - дейді БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанова.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru