Биылғы жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Волонтерлар жылы» деп жариялауына орай, аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы бастаған «Сырым жастары» волонтерлар ұйымы 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аудан орталығында өз кәсібін дөңгелетіп отырған аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандардың аналарын, көп балалы аналарды, ақ жаулықты әжелеріміз бен ауданымыздағы патронат ананы құттықтады.
«Мейірімділіктің нышанындай болған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні әдеміліктің, ізгіліктің және жылылықтың мерекесі, кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Осы орайда балаларын әлпештеп бағып отырған аналарымызға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен «Сырым жастары» волонтерлар ұйымы аналарымызға құрмет көрсетіп, сый-сыяпат ұсынып, мереке күні аналарға зор ықыласпен жанға жылулық сыйлады.
Шын мәнінде әулетінің ғана емес, тұтас еліміздің алтын қазығы, береке-бірліктің ұйытқысы болып отырған осындай аналарымызға бар жақсылықты тілейміз.