Бүгін оралдық жастар тағы бір игілігі мол, қайырымдылық шараның бастамашысы болды. Анығырақ айтсақ, облыстық қан орталығына жиналған жастолқын өміріне араша сұраған жандарға көмек қолын созып, замандастарына үлгі көрсетті.
«Birgemiz»: «Saýlyq» жалпыұлттық жобасы бойынша волонтерлар «Қан тапсыру» акция аясында жүргізілген бастамаға жастардың өздері ұсыныс білдірді. Теміржан Оразов, Орал қаласының ақпараттық – талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы: «Ия, адам өміріне араша болу – ерлік дер едім. Волонтер қаржы жағынан көмектесе алмағанымен, қан тапсырып қолынан келгенінше жәрдемдерін аяп жатқан жоқ. Бастысы, бұл шара жастардың өз еріктерімен келуімен ерекшеленіп отыр. Бұл да болса еліміздің ертеңі – жастардың жәрдемі ғой. Алдымен дәрігерлер қарауында болып, жақсылап тексеріліп, денсаулығы жараған жағдайда ғана қан тапсырып жатыр. Сондықтан, бұл шараны қауіпті деп қарастырмау қажет. Дәрігерлер рұқсат берген жағдайда, тізімге ілініп кезекпен-тапсырып шығуда. Мен де тапсырдым, себебі өзгенің өмір сүруіне үміт сыйлау үшін. Мұнда тек жоғарғы оқу орындарының студенттері ғана емес, оқытушыларының да келіп белсенділік тантықанын көріп қуанып тұрғанымды айтқым келеді».