"Birgemiz:Úmit" жалпыұлттық жобасы бойынша "Мейірім" және "Жігер" волонтерлер тобы бірлесе отырып, 1 наурыз - дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Ақжайық ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №10 өрт сөндіру бөлімі, №6 құтқару жасағымен бірігіп жоспарлы түрде Чапаев ауылының тұрғындарына өрт қауіпсіздігі, су тасқынын алдын алу шаралары жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.