Ақжайық ауданында "Сенің күнің, донор!" акциясы өткізілді.

"Birgemiz:Saýlyq" жалпыұлттық жобасы бойынша Ақжайық аудандық емханасында 2 күнге созылған "Сенің күнің, донор!" акциясы өткізілді. Облыстық қан орталығынан арнайы келген мамандар 100-ден астам адамнан қан алды.

Олардың арасында басым көпшілігі волонтерлер және де жергілікті тұрғындар. Қан тапсырушылардың арасында алғаш рет донор болушылармен қатар құрметті донор атағын алып үлгергендер де бар.

Донор болу адамның ағзасына қан алмасу жүйесіне оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, денсаулық жағдайына байланысты қанды қажет ететін өзге адамға да көмектесе аласыз. Осы бастаманы дәстүрге айналдырып, 4 ай сайын донорлық акциялар ұйымдастыруды қолға алатын боламыз.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru