Волонтерлер  кітапханадан өздеріне ұнайтын кітаптарды жеткізіп беруді ұйымдастырды

Қазіргі ТЖ байланысты кітап күніне орай қашықтықтан оқитын кітапхана оқырмандарына С.Меңдешев ауылдық округ волонтерлері кітапханадан өздеріне ұнайтын кітаптарды жеткізіп беруді ұйымдастырды.Және өздері оқыған кітаптарымен видеоматериал мен фотоматериалдар арқылы бөлісті.

Үлкенге құрмет

Бөрлі ауылының жастары, "Jasa" волонтерлары Бөрлі ауылының тұрғыны, зейнеткер Ващенко Надежда әжемізге мекен-жайлық көмек көрсетті.

Жақсылық жаса

Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары, өздері қаражат жинап, Ақсай қаласындағы көмекке мұқтаж болып хабарласқан жанұяға азық-түлікпен, нәрестеге қажет киім-кешектермен қамтамасыз етті.

Ақсу ауылының жастары қаражат жинап ауылдастарына көмектесті.

Жиналған қаражатқа Ақсу ауылдық округі әкімшілігі, Жастар ресурстық орталығының маманы және волонтерлары азық-түлік сатып алып, ауылдың жалғыз басты қарияларына, көп балалы отбасыларына және мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына мекен-жайлары бойынша жеткізіп берді.

Теректі ауданының волонтерлары тегін бетперде тігіп жатыр

Теректі ауданының волонтерлары елімізде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап аудан тұрғындарына тегін бетперде тігу жұмыстарын бастаған болатын. 9 сәуір күніне дейін 3000 жуық маска тігіліп, 300 отбасыға тегін таратылды.

Біз біргеміз

Төтенше жағдай режимі кезінде блок-бекетте аудан халқының жан-жақты қауіпсіздігін қадағалап тұрған жерлестерімізге волонтерлар ыстық тамақ жеткізіп берді.

Көмектесе білейік

Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Бөрлі ауылының көмекке мұқтаж тұрғынын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

«Біз біргеміз!»

Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары тегін маскалар тігіп, аудан тұрғындарына таратты.

Игі іс

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың денсаулығын қорғау, қазіргі кездегі індеттің алдын алу, ағайынға көмек беру мақсатында еріктілердің ұйымдастыруымен Орда ауылдық округі әкімі аппараты және Н.Уразгельдиева,  А.Бекбаева,  Г.Нурмуханбетова, М.Бердіғалиев, Б.Қайқыбасова секілді тігіншілеріміздің қолдауымен Орда ауылдық округінде  тұрғындарға арналған көп қолданбалы бетперделер тігу қолға алынып, тегін таратылуда.

С.Меңдешев ауылдық округ волонтерлері өз қолдарымен маска тікті

С.Меңдешев ауылдық округ волонтерлері біргеміз "Саулық" жобасы аясында қазіргі таңда болып жатқан ТЖ байланысты коронавирустың алдын алу мақсатында ауыл еріктілері мен тұрғындары бірігіп өз қолдарымен маска тігіп халыққа тегін таратты.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru