«Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы

«Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша М.Б.Ықсанов атындағы 36 ЖОББМ-нің «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының волонтерлері қаламыздағы үш отбасыға мекен-жайлық көмек көрсетті. Белсенді волонтерлар алдағы уақытта да мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын.

"Мейірім" волонтер тобы

27 ақпан күні "Бөбек" бала бақшасы жанынан құрылған "Мейірім" волонтер тобы Ақжайық аудандық аурухана базасында жасақталған инсультке қарсы орталыққа барып, орталықтың жұмысымен танысты.

"Қарттарым асыл қазынам"

Ақпан айының жиырма жетінші жұлдызында "Алғыс айту" күніне орай, Ақбұлақ мектеп- балабақша кешенінің оқушыларынан құралған " Үміт желкені" еріктілер тобы және " Қамқоршылық кеңес" мүшелерінің ұйымдастыруымен, Бөрлі аудандық қарттар үйінде "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында оқушылар мен "Қамқоршылық кеңес" мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, қарияларымыздың ақ батасын алды. Сонымен қатар, қарттарымызға түрлі тағамдар, әжелерімізге қолөнер бұйымына қажетті заттар және киімдер үлестірілді. Еліміздің қазынасы қарттарымыз аман болсын! Жақсылық жасап жарысайық!

Волонтерлерге арналған семинар

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының кіші залында аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен бірқатар мекеме мамандары және ауыл жастарының қатысуымен волонтерлер жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарын талқылау мақсатында кеңес отырысы өтті.

Волейболдан жарыс

2020 жылдың 26 ақпаны күні «Волонтер жылына» орай, «Біргеміз:Саулық» жалпыұлттық жобасы аясында  Ақсу ауылдық округтік Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастырумен мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Ақжайық Өлкетану музейіндегі кездесу

«Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңабұлақ ауылдық округінің «Жаңа Толқын» волонтерлер тобы 22 ақпан күні мүмкіндігі шектеулі жандармен аудан орталығындағы Ақжайық Өлкетану музейінің 7 бөлімін қамтитын табиғат, археология,Ұлы Отан соғысы, аудан тарихы, жергілікті ақын жазушыларымыздың тарихи құнды дүниелерімен, Тәуелсіздік залы және В.И.Чапаевтың штат пәтерімен, соңғы шайқас картинасымен, аудан тарихымен және ауданымыздың ақын жазушыларымыздың құнды жәдігерлерімен, Батыс Қазақстан облысы бойынша және ауданымызда кездесетін құстар,балықтар, жануарлардың тұлыптарымен танысты.

Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметкерлері еріктілер қатарында

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер қатарынан құрылған Еріктілер тобы Ақсай қаласындағы Сырым Датов, Молодежная, Халықтар Достығы, Линейная, Наурыз-2, Арыстанова, Железнодорожная көшелеріндегі арық-атыздардағы қарды аршу және су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарына атсалысуда.

Мейірімділікке толы уақыт

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының барлық қызметкерлері Volunteer07.kz сайтына тіркеліп, әлеуметтік волонтерлік бағытында жұмыстануды қолға алып, ағымдағы жылдың 21 ақпанында Орал қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып, кітапханаға бірқатар кітаптар және «Батырлар жыры» аудио таспасының жинағын сыйлады.

Волонтерлар аудандық музейде

Волонтер жылының жеті бағыттарының бірі - "Birgemiz: Asyl mura" жалпыұлттық жобасы, халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тартуға бағытталған.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru